Арселор Миттал шахтасында соңғы он жылда 23 апат тіркелген
Арселор Миттал шахтасында соңғы он жылда 23 апат тіркелген. Апат салдарынан 43 адам зардап шегіп, 19-ы бақилық болыпты. Бұл 2006 жылдардағы ірі апаттан көз жұмған 71 адамды есептемегендегі статистика.
Автор: Айғаным Достанбай
03.11.2022
Қайғылы жағдайдың жыл сайын қайталанып жатқанына алаңдаған сенаторлар Үкіметтен нақты шаралар қабылдауды талап етті. Тек соңғы тексеру жұмыстары кезінде мұнда 2400-ге тарта заңбұзушылық тіркелген екен. Ал компания тек 18 жарым миллион теңге айыппұл төлеп құтылған.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
- Өкінішке қарай, осындай жағдайлар болған кәсіпорын иелеріне, акционерлеріне белгілі бір сұрақтар бар. Әрі қарай басшылық пен акционерлер өз кенішінде, өндіріс орындарында, кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілуі үшін ең қажетті шара қабылдауы керек деп есептеймін. Депутаттар тарапынан, Сенат тарапынан біз бұл мәселені бақылауға аламыз. Заңды қатайтуға дайынбыз.
Ләззат Сүлейменов, Сенат депутаты:
- Бұл қазіргі жағдайда азаматтарымызды қорғап қалу үшін қорған бола алмайды, мұндай мәселелер. Сондықтан да кінәлі адамдар заң алдында жауап беруі керек. Үкімет сол компаниямен қатаң сөйлесуі керек. Және бұл мәселе парламенттің бақылауында болуы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!