Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Жетісу облысы тұрғындарымен кездесті
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Халықтық коалиция өкілдері бұқараға үміткердің сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
03.11.2022
Ең алдымен штаб мүшелері зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, кандидаттың тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша ұсынған шараларын талқылады. Содан кейін олар Көксу қант зауытының жұмысшыларымен жүздесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан бизнес пен еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарына ерекше тоқталды. Үкіметтік емес және жастар ұйымдарының басшылары да үміткердің бастамаларымен танысты.
Ерлан Қошанов, ҚР президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевты қолдау республикалық қоғамдық штабының басшысы:
- Бұл келісуіміздің жөні бөлек. Өздеріңіз білесіздер, алда президент сайлауы келе жатыр. Бірнеше өңірді аралап келе жатырмыз. Абай, Ұлытау, Алматы облысында болдық. Қарағандыда болдық. Халықпен, соның ішінде зиялы қауымдармен де кездестік. Өте жылы, мағыналы әңгімелер болды. Сол өңірдің ғана емес, мемлекет тұрғысынан жақсы әңгімелер де болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!