Мейрам Қажыкеннің іссапары Өскеменде жалғасты
Президент сайлауында сынға түсетін тағы бір кандидат Мейрам Қажыкеннің іс-сапары Өскемен қаласында жалғасты. Үміткер облыс орталығындағы бірқатар мекемеге бас сұғып, сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
03.11.2022
Кандидат алдымен облыстық диагностикалық орталықта медицина қызметкерлерімен кездесті. Содан кейін Өскемен чу электр станциясының жұмысшыларына бағдарламысының негізгі бөлімдерін түсіндірді. «Алғашқы бітірген мамандығым – инженер-гидротехник» деген кандидат су бөгетін аралап көрді. Айта кетейік, электр энергиясын өндіретін бұл кәсіпорынның ашылғанына биыл 70 жыл.
Олег Изотов, «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС техникалық директоры:
- Негізгі міндеті – қауіпсіз электр энергиясын өндіру. Біздің тұтушылар Шығыс Қазақастан облысының халқы. Басқару желілері және кәсіпкерлер. Мұнда 140 жуық адам қызмет етеді. Негізгі құрам вахталық жүйеде тәулік бойы өз міндетін атқарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!