Қарақат Әбден Ақтөбе облысында өз жақтастарымен кездесті
Ақтөбе облысында үгіт-насихат жұмысымен жүрген кандидат Қарақат Әбден өз жақтастарымен кездесті. Өңірлік штабқа барған үміткер алдағы атқарылуға тиіс жұмыстарын талқылады.
Автор: Салтанат Шырынхан
03.11.2022
Сайлауалды штабта төрт адам кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Онда ақпарат материалдарының бәрі жеткілікті. Қажетті құрал-жабдық, техникамен толық қамтамассыз етілген дейді жақтастары. Жалпы облыс бойынша тартылған 135 ерікті қазір қызу жұмысқа кіріскен.
Қарақат Әбден, ҚР президенттігіне кандидат:
- Халықаралық сайлау эксперттері де штабқа келіп, сұрақтарын қойып жатыр. Оның бәріне өңірлік штабтарымыз жұмыс істеуге дайын. Штабтардың жұмысы «Сайлау туралы» Заңның талаптарына сай жұмыс істеуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!