{metadescription}
Енді Конституциялық сотқа тікелей шағым жасауға болады
Енді Конституциялық сотқа тікелей шағым жасауға болады

Енді Конституциялық сотқа тікелей шағым жасауға болады

Енді қазақстандықтар Конституциялық сотқа тікелей шағым жасай алады. Өзіне қатысты қабылданған қате немесе теріс шешім бойынша Конституциялық сотқа жүгінуіне мүмкіндігі бар.

Референдумда қазақстандықтар бірауыздан қолдаған барлық Конституциялық реформаны бүгін Сенат бірінші оқылымда қабылдады.

Референдумның нәтижесін қазақстандықтар енді көре бастайды. Өйткені осыған дейін халық қалаған бастамалар заңды күшіне әлі енбеген. Бүгін Сенат президент өкілеттілігін қысқарту, саяси партиялардың бәсекелестігін арттыру, сайлау туралы және тағы басқа заңдарды мақұлдады. Құжат президентке жолданды.

Қазір елімізде Конституциялық кеңестің судьясы кім болады деген пікірталас қызып тұр. Депутаттар да бұл сұрақты қызу талқылады. Судьяға негізгі талап – 15 жыл заңгер болып жұмыс істеу қажет. Бұл ретте сот өтілі маңызды ма, әлде заңгер болған кез келген азамат құзыретті лауазымға келе бере ме деген сауалға әділет министрінің жауабы мынадай.

Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:

- Заң жобасында еңбек өтілінен басқа, тағы басқа талаптар да бар. Бұл заңгер заңда жазылғандай жлоғары деңгейдегі заңгер болуға тиіс. Деңгейі өте биік болу керек. Жәй ғана 15 жыл заңгер боп жұмыс істеп жүрген адам ол лауазымға тағайындала алмайды.

Конституциялық соттың төрағасын президент таңдайды. Қалған судьяларды парламенттің қос палатасы мақұлдауы қажет. Талап та, таңдау да қиын болады дейді тәжірибелі заңгерлер.

Марат Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, профессор:

- Конституциялық соттың құрамына үлкен жауапкершілік артылмақ. Оның құрамындағы 11 адамды сайлауға Президент пен Парламент мүшелер өзі араласады. Олар тәуелсіз, ешкімге бағынбайды, қарайламайды. Олардың арнамысы мен жұмысына қол сұғушылық болмайды. Конституциялық құрам Ата заңның бәріне бірдей дұрыс қолданып жатқандығын бақылауда ұстайды.

Құжатты мақұлдаған парламенттің де  бірқатар функциясы өзгермек. Аралас сайлау жүйесі енеді. Яғни Мәжілістің 30 пайызы мажоритар жүйемен жасақталуы керек. Ал Төменгі палатадағы Қазақстан халқы ассамблеясының квотасы мүлдем алынып тасталады. Заңдарды қабылдау және қарау тәртібі де қайта қаралған.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

- Бұл заңдарды қабылдау ары қарай елімізде демократиялық үрдістерді дамытуға, демократиялық процестер мен институттарды қалыптастыруға өзінің үлкен үлесін қосады деп сенеміз. Сондықтан бұл енді әділетті Қазақстанды қалыптастыруға өте маңызды қадам екені сөзсіз.

Бұл өзгеріс  елде саяси партиялардың да санын көбейтуге мол мүмкіндік бермек. Өйткені оларға қойлатын талап барынша жеңілдетілген.

Дегенмен бастамашыл топтың саны тіркеуге қажет жақтастардың саны қысқарғанымен, оларды ресми тіркеу біраз уақыт алуы мүмкін. Құжаты талапқа сәйкес келмегендердің алды тіркелмей, орта жолдан қайтарылып та жатыр. Ал жуырда елдің саяси аренасында екі партия пайда болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде