{metadescription}
Ақтөбеде көктайғақ – үш көлік аударылды
Ақтөбеде көктайғақ – үш көлік аударылды

Ақтөбеде көктайғақ – үш көлік аударылды

Ақтөбеде көктайғақ көлік жүргізушілерін әбігерге түсіріп жатыр. Екі күн қатарынан толассыз жауған жаңбыр аралас қар жолды көк мұзға айналдырған. Тәртіп сақшылары жол апаты көбейгенін айтады. Бір түнде үш көлік аударылған.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Опель Вектра автокөлігінің жүргізушісі Багаслов трассасымен келе жатқанда метеорология жағдайын ескермей, екі жолақты жол қозғалысының қарсы бетіне шығып, қарсы бағытта келе жатқан Лада көлігіне соғылды.

Тайғақтан болған жол апатынан төрт адам жарақат алыпты. Бәрі облыс  ауруханасында жатыр. Ал көлік жөндейтін орталықтардың жұмысына сұраныс көп. Қыстық доңғалақ ауыстырмақ болғандардың бәрі кезек күтуге мәжбүр. Бір доңғалақ ауыстыру құны кем дегенде 5 мың теңге. Синоптиктер күндіз сынап бағанасы көтерілгенімен, түнде аяз болатынын айтады. Сондықтан көктайғақтан сақ болуды ескертіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.