{metadescription}
«Заң керуені»: Алматы облысының прокурорлары халықпен кездесуге шықты
«Заң керуені»: Алматы облысының прокурорлары халықпен кездесуге шықты

«Заң керуені»: Алматы облысының прокурорлары халықпен кездесуге шықты

Құқығыңды қорғай біл! Алматы облысының прокурорлары жылы кабинетін тастап, аудан халқымен кездесуге шықты. «Заң керуені» шарасы аясында қадағалаушы орган өкілдері тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешуге тырысты.

Есіктегі Мәдениет үйі таңнан бері халық қабылдайтын орталыққа айналған. Прокурорлар, әкімдіктегілер мен полицейлер қаз-қатар отырып шалғай ауылдан ат арытып келген ағайынның талап-тілегін тыңдады. Құзырлы орган өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер тұрғындарды мазалаған сан түрлі сұраққа жауап беріп, өтініштерін қарады. Прокурорлар қарашаға құқықтық көмек көрсетіп, заңдық тұрғыда түрлі кеңес те берді. Сондай-ақ жұрттың жер телімі, тұрғын үй құрылысы мен жол сапасына қатысты шағымы қаралып, тексеру жүргізілетін болды. Бұл шара өзге аудандарда да жалғасын табады.

Дамир Қатаев, Алматы облысы прокурорының орынбасары:

- 132 адам қабылданды. Жауаптар берілді. Кейбір кісілердің мәселесін шешіп, заң талаптарын түсіндіріп, жауаптары берілді. Тексеру өткізетін мәселе бойынша арызшағымдарын алдық. Он күн арасында жауабы беріледі. Қылмыстық істермен де келіп жатыр. Соттасып жатқан мәселемен заң талаптарын түсіндіріңіздер деген сұрақпен де келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.