{metadescription}
4, 5, 6 қарашада Kaspi Жұма!
4, 5, 6 қарашада Kaspi Жұма!

4, 5, 6 қарашада Kaspi Жұма!

4, 5, 6 қарашада Kaspi Жұма! Сатып алушыларға бұл тиімді сатып алу мерекесі. Ал шағын және орта бизнеске даму мен жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігі. Мерекеге дайындық қалай өтуде?

Бұл жолы Kaspi Жұмада рекордтық көрсеткіш – Қазақстан бойынша 100 мың дүкен мен компания қатысады. Олар негізінен шағын және орта бизнес компаниялары.

Меруерт Қалдыбек, QazaqBrend дүкенінің иесі:

- Біздің шағын кәсіпорынымыз бар. Көрпе тігумен айналысамыз. Kaspiдің арқасында бізді көптеген тұтынушылар  біліп жатыр. Kaspi арқылы біз басқа қалаларға тапсырыс жеткіземіз, Ақтөбе, Шымкент, Павлодар қалаларынан көптеген тапсырыс түседі. Арнайы Kaspi Жұма үшін көрпе тігіп дайындадық. Сатып алушыларды қуантуға дайынбыз.

Александр Задулин, Кәсіби сантехника дүкенінің аға менеджері:

- Кәсіби сантехникалық дүкен Kaspi Жұмаға 101 пайыз дайын және барлық тұтынушыға қуанақуана қызмет көрсетеміз. Қажет құралжабдықтың барлығы қоймада дайын.

Kaspi.kz–тегі интернет дүкенде 2,5 миллион түрлі тауар ұсынылған: жихаз, үйге арналған тауарлар, электроника, зергерлік заттар, автотауарлар, құрылыс материалдары, денсаулыққа арналған тауарлар, киім мен аяқкиім, балалар тауарлары және басқалары.

Сатып алған заттар әдеттегідей тегін жеткізіледі. Сатып алушылардың көпшілігі қалаған уақытында алып кету үшін Kaspi Postomat арқылы жеткізуді таңдайды.

Назерке Сәрсембай, сатып алушы:

- Мен қазір декор дүкенінде пәтеріме керек заттарымды қарастырып жүрмін және де осы жақын арада Kaspi Жұма болатынын естідім. Ең бастысыпайызсыз, артық төлемсіз, өте керемет.

Сергей Потурайко, сатып алушы:

- Мен Kaspi қызметін көптен бері пайдаланамын. Kaspi Жұманы асыға күтемін, өйткені – тиімді, ыңғайлы. Маған олардың жылдам әрі тегін жеткізуі және үйдің жанында орналасқан постоматтардың болғаны ұнайды!

Көптеген елдерде онлайн сатып алудың үлкен мерекесі бар. АҚШ-та – Amazon, Қытайда – Aliexpress ұйымдастырады. Ал Қазақстанда – Kaspi.kz-тен Kaspi Жұма. 

Барлық жерде мұндай мереке сатып алушыларды ғана қуантпайды, сонымен қатар бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашып, экономикалық өсімді қолдауға септігін тигізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде