Жигули Дайрабаев Нұра ауылындағы сайлаушылармен кездесті – Алматы облысы
Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев бүгін Алматы облысы, Нұра ауылындағы сайлаушылармен кездесті. Кезінде аты дүркіреген ауылдың қазір проблемасы шаш етектен.
Автор: Асқарбек Қазанғап
04.11.2022
Әсіресе – жұмыссыздық. Жастар күнделікті мегаполисске қатынап істеуге мәжбүр. Ауылға дейінгі жол сапасын өз көзімен көру үшін Дайрабаев Алматыдан көрші ауылға қатынайтын автобусқа отырып халықпен бірге соңғы аялдамаға дейін барды. Нұраның өзіне автобус жүрмегеніне төрт жыл болған. Сондай-ақ су,кандидат жарық, денсаулық сақтау мәселесін оңалтуды бағдарламасында қамтитынын айтты.
Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:
- Бүгін штабымызбен бірге, кандидатымызбен бірге Алматы қаласының маңындағы Нұра ауылына келдік. Бұл ауылдың өзінің ерекше статусы бар. Бұл алыс шалғайдағы елдімекен емес. Бұл мегаполистің маңындағы ауыл. Барлық адам өз күшімен жасап жатыр. Балаларға жаны ашып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!