Салтанат Тұрсынбекова авторлық құқығын қорғай алмайтындарға алаңдаулы
Елімізде авторлық құқығын қорғай алмайтындардың көбеюі президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованы алаңдатып отыр. Үміткер қазір үгіт-насихат жұмыстарымен Алматы қаласында жүр.
Автор: Салтанат Шырынхан
04.11.2022
Кандидат шаһардағы екінші күнінде зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Айтуынша, елімізде контентке ақша төлеу ұят деп есептеледі. Сәйкесінше, құқығын сотта қорғайтындар саны аз. Мәселен, бір техника ұрланса, оған жаза қарастылған. Ал ақыл-ой еңбегінің өнімін тартып алғысы келетіндерге еш шара қолданылмайды деп қынжылады.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:
- Қазір Қазақстанда зияткерлік меншікті қорғау іс жүзінде жұмыс істемейді. Өнер туындысын ұрлағаны үшін де жаза бар. Бірақ бұл заңды көбі біле бермейді. Себебі: қоғамда ондай мәдениет қалыптаспаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!