{metadescription}
Адамнан үй жануары ауыратын паразит дерті анықталды
Адамнан үй жануары ауыратын паразит дерті анықталды

Адамнан үй жануары ауыратын паразит дерті анықталды

Орал тұрғынынан дирофиляриоз дерті анықталды. Сирек кездесетін паразитарлы аурумен негізінен үй жануарлары ауырады. Ал адам ағзасына жәндіктер шаққанда қан арқылы кіреді. Өңірдегі эпидемиологтар маса мен бүрге сынды қансорғыш жәндіктер шаққан жерге зер салып қарау керек дейді.

Паразит құрт ауры адам терісінде бір айдан бірнеше жылға дейін созылмалы түрде жүреді. Жануарлар денесіндегі паразиттер ұзындығы бар жоғы 0,3 мм-ді құрайтын мыңдаған жұмыртқа салады. Олардың кішкентай болғаны соншалық, қан айналымы мен лимфа арқылы бүкіл денеге таралады. Осылайша дирофиляриоз жануардан жануарға және адамға жұғады екен. Дәл осындай диагнозбен тіркелген оралдық азаматты қазір өңірдегі хирургтар емдеп жатыр. Бұрын-соңды мұндай жағдай үш жыл бұрын тіркеліпті.

Лунара Есенжолова, БҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бас маманы:

- Бұрын мұнымен тек жануарлар ауырады деген пікір болған. Бірақ соңғы жылдары адамнан да анықталып жатыр. Әсіресе ит пен мысық асырайтындар, ашық су айдындарының жанында тұратындар және жиі табиғатқа шығатын адамдарда аталмыш індетті жұқтыру қаупі жоғары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.