Ақтөбеде үлескерлер екі жылдан бері өз үйіне кіре алмай жүр
Ақтөбеде үлескерлер екі жылдан бері өз үйіне кіре алмай жүр. Құрылыс компаниясы төрт қабатты ғимаратты тұрғызғанымен, коммуналдық желісін аяқтамаған. Тұрғындар құрылысшылардың сылбыр қимылына наразы.
Автор: Жаңалық Ахаш
04.11.2022
Бақыткерей Жапаров, Ақтөбе тұрғыны:
- Былтыр бітеді деді, биыл бітеді деді. Әлі бітпей жатқан шаруасы бар. Әлі суы өтпеген, канализация бітпеген. Жағдайымыз осы. Екі жылдан бері шулап, шапқылап жүрміз. Бұлар тек күнде құр уәде береді.
«Қайнар» кешеніндегі үйдің барлық пәтерін үлескерлер сатып алған. 50-ге жуық пәтердің ақшасын толық төлеп те қойыпты. Құрылыс компаниясы 2020 жылы қоныс тойын тойлайсыңдар деп шарт та жасаған. Бірақ содан бері уәдесін орындамай келеді. Үлескерлер құрылыстың аяқталуын күте-күте шаршаған. Ал үй салған компания құрылтайшылар қаржыдан тарығып қалдық деп ақталып отыр. Пандемиядан соң құрылыс материалдары қымбаттап, шығынға батыпты. Бірақ жаңа жылға дейін төрт қабатты үйдің барлық жұмысын аяқтап, коммуналдық желілері толық тартылады дейді.
Виктор Масленников, «ЦССиК» ЖСШ құрылтайшысы:
- Үйді тұрғызып қойдық. Бірақ соңғы сегіз айда бар ақшаны осы үйдің кемкетігін дұрыстауға жұмсадық. Жеке инвесторлардан қарыз алдық. Енді жаңа жылға дейін тапсырамыз деп отырмыз. Жылуды, газды жақында қосамыз. Электр желісін тарту жұмысына бір айдай уақыт керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!