{metadescription}
Шахтадағы жарылыста жарақат алғандардың жағдайы ауыр
Шахтадағы жарылыста жарақат алғандардың жағдайы ауыр

Шахтадағы жарылыста жарақат алғандардың жағдайы ауыр

Ленин атындағы шахтада қаза болған бес кеншінің денесі ертең жер қойнына тапсырылады. Жерлеу рәсімінің шығынын «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы көтереді.

Ал сол апатта жарақат алған төрт  адамның екеуіне ота жасалған. Барлығының жағдайы тұрақты ауыр күйде.

Ғабит Махамбаев, нейрохирург:   

- Алдыңғы екі науқас токсикология бөлімінде. Газбен уланған диагнозбен түсті. Екі науқас одан кейін бас жарақатымен түсті. Екеуіне де ота жасалды, екі ота да сәтті өтті. Декомпресиямен сынған сүйектері миынан алынып, қаны тоқтатып, қазір науқастардың жағдайы қалыпты. Есі кірді.

Қаза болған кеншілердің туыстары марқұмдардың денесін бүгін мәйітханадан алып кетті. Үйіне бір қондырып, ертең соңғы сапарға шығарып салады. Бәрінің артында аңырап бала- шағасы, туған-туысы қалды.

Жер астындағы жарылыстан кейін «Арселор Миталл» компаниясына қарасты барлық шахта бір тәулікке жұмысын тоқтатқан болатын. Бүгін жеті кен орны қазу жұмысына қайта кірісті. Ал апат болған Ленин шахтасы кемінде 10 күн жұмыс істемейді. Арнайы комиссия осы уақыт ішінде бір байлам жасауы қажет. Бірақ депутаттар әдеттегідей айран ішкені құтылып, шелек жалағаны тұтыла ма деген күдігін жасырмайды.

Гүлнар Бижанова, Мәжіліс депутаты:

- Негізінде елімізде тергеу аяқталған соң, біздің қазақстандық мамандар  кінәлі болып шыға келеді. Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту керек. Көмір және метталургиялық департаменттерге барған сапарымда осыған көзім жетті. Ал компания басшылығында отырғандардың басым бөлігі – шетел азаматтары. Бізде заң нормалары бар. Бірақ ең бастысы, сол заңдардың орындалғаны керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде