{metadescription}
Кәрім Мәсімовтің ісі сотқа жетті, процесс жабық өтеді
Кәрім Мәсімовтің ісі сотқа жетті, процесс жабық өтеді

Кәрім Мәсімовтің ісі сотқа жетті, процесс жабық өтеді

Кәрім Мәсімовтің ісі сотқа жетті. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы енді Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жауап береді. Бұл іс аса құпия болғандықтан сот процесі де жабық өтеді.    

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:

- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімов тарапынан мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, биліктің және және лауазым өкілеттіктерін асыра пайдалану жөніндегі қылмыстық істерді тергеу аяқталды. Бас прокуратура айыптау актісін бекітіп, қылмыстық істі қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасарына тағылған айып – ауыр. Отанға опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алу және қызметін асыра пайдалану. Ал қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап қашқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірдегі басшыларына қатысты тергеу әлі аяқталмаған.

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты да айыптау туралы қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Қысылтаяң шақта командирлік қабілетін көрсете алмаған экс-министр әрекетсіздік танытқаны үшін тергелуде.

 Қаңтар оқиғасы бойынша оған дейін ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған 117 адам бас бостандығынан айырылған. Бұлардың көбі рақымшылыққа ілікпейді. Жазасы жеңілдейтін мың жарым адамның тізімін Бас прокуратура жасап жатыр.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:

- Бүгінгі күні орындайтын органдармен 878 сотталғандарға қатысты соттарға мерзімді қысқарту және жазадан босату туралы ұсыныс жолданды. Тергеу органдары сотқа дейінгі тергептексеруде орта дәрежелі қылмысты жасаған бес күдіктіге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.