{metadescription}
Петропавл орталық магистраліндегі апаттан тұрғындар сусыз қалған
Петропавл орталық магистраліндегі апаттан тұрғындар сусыз қалған

Петропавл орталық магистраліндегі апаттан тұрғындар сусыз қалған

Петропавл қаласында  бір тәуліктен бері су жоқ. Оған орталық магистральде болған ірі апат себеп. Құбыр жарылған кезде атқылаған су көшелерді басып қалған. Коммуналдық қызмет кешеден бері құбырдағы ақауды қалпына келтіре алмай жатыр.

Владимир Идеменов, тұрғын үй кооперативінің төрағасы:

- Міне, бір тәулік болады. Тұрғындар ыстық та, суық та судың ағып тұрғанына үйреніп қалған. Әрине, қолайсыз жағдай. Шыдайды ғой, тек тезірек жөндеп бітсе жақсы болар еді.

Апат су магистралінің ең күрделі жерінде, яғни 800 милиметрлік құбырда  болды. Аспанға атқылаған су жан-жаққа жайылып, көшелерді ғана емес,  жаяу жүргіншілер жолын да басып қалған. Апаттан желідегі қысым төмендеп, қала түгел сусыз қалды. Жөндеу бригадасы апатты аймақтағы құбыр суын тоқтатқаннан кейін ғана бірнеше шағын аудан тұрғындары тіршілік нәріне қол жеткізген.

   Қазір 14 көпқабатты үй мен бес әлеуметтік нысан ауызсусыз отыр. Ал үш бригада  тәулік бойы жөндеп жатыр. Жерасты құбырындағы ақауды табуға робот қолданып, магистральдің ішін тегіс камераға түсіру қажет болған. Орталық су құбыры 2013 жылы күрделі жөндеуден өткізілген екен.

Арман Сауытов, «Қызылжар Су» ЖШС атқарушы директоры:

- Алдымен асфальтты кесіп, құбырға дейін жету керек. Содан соң құбырлардың қапталған қабатын кесеміз. Пластик болғандықтан, құбырды дәнекерлеп кесуге болмайды. Одан соң ақауды тапқан күннің өзінде арнайы құрылғымен бірбіріне жалғау керек. Осының бәріне уақыт керек. Технолоия солай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде