Президент "Арселор Миттал Теміртау" жұмысын тексеруге пәрмен берді
Президент "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының жұмысын тексеруге пәрмен берді. «Өндіріс орындарында апат жиілеп кетті. Өкініштісі, соңғы жылдары оқыс оқиғалар тіптен қалыпты жағдайға айналып барады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Автор: Айғаным Достанбай
07.11.2022
Мемлекеттік органдар қанша ескерту жасаса да, «Арселор Миттал Теміртауға» тиесілі шахталар апаттан көз ашар емес. Енді еңбек қауіпсіздігінен бастап кәсіпорынның техникалық жағдайы, экологиялық талаптардың орындалуына дейін жіті тексеріледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізу керек. Соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық талаптың сақталуына мән берілуі тиіс. Комбинаттың иесі техникалық жағдайды жақсартуға және жаңғыртуға жеткілікті дәрежеде инвестиция құйғанын анықтау маңызды. Бәлкім бұл жұмысқа шынайы баға беретін халықаралық компанияны тарту керек шығар. Мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін барлық шара қабылдануы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!