{metadescription}
Абай шахтасында былтыр қаза тапқан кеншілерге арналған мемориал ашылды
Абай шахтасында былтыр қаза тапқан кеншілерге арналған мемориал ашылды

Абай шахтасында былтыр қаза тапқан кеншілерге арналған мемориал ашылды

"Арселор Миттал Теміртау" комапаниясына қарайтын Абай шахтасында осыдан бір жыл бұрын да метан газы жарылып алты кенші қаза тапқан болатын. Бүгін сол марқұмдарға арналған ескерткіш мемориал ашылды.

Үшбұрышты түрде жасалған мемориалдың биіктігі 1 метр 90 сантиметр. Ол Абай қаласындағы зиратқа кіреберісте қойылған. Аталған шахтада былтыр 7 қараша күні апатта қаза болған 6 кеншінің аты жөндері жазылып, суреті  қашалған. Сол кезде арнайы комиссия жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз деп атап көрсеткен. Алайда бүгінге дейін тергеудің қалай жүріп жатқаны жөнінде жарияланбай келеді. Мемориалдың ашылу салтанатына тілшілер шақырылмаған. Бұл жақында ғана Ленин атындағы шахтада болған апатпен байланысты болса керек.

 Бейсенбі күні жер астында метан газы жарылып, тағы бес кенші тіл тарпай кетті. Алайда содан бері бес күн өтсе де, "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы жұрт алдына шығып, апат жайлы жақ ашқан жоқ. Ал сол апатта зардап шегіп ауруханаға түскен 4 кеншінің екеуі бүгін жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды. Қалған екеуі үйіне шығарылыпты. 

Талғат Жүкен, Қарағанды облысы көпбейінді аурухана директорының орынбасары:

- Токсикологияға жатқызылған екі науқас бүгін үйіне шығарылды, жалпы жағдайы жақсы. Үйінде, емханадна да бақылауға болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.