{metadescription}
Мейрам Қажыкен Ақтөбе облысында өндіріс қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды
Мейрам Қажыкен Ақтөбе облысында өндіріс қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды

Мейрам Қажыкен Ақтөбе облысында өндіріс қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды

Ал 20 қарашада президент сайлауына түсетін тағы бір үміткер Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарымен Ақтөбе облысында жүр. Кандидат жақтастарымен бірге өндіріс қызметкерлерімен бірнеше кездесу ұйымдастырды.  

Мейрам Қажыкен алдымен Ақтөбе облысындағы рельс зауытына барды. Бұл өндіріс орны жылына 200 мың тоннадан астам рельс шығарады. Кәсіпорын өнімдері ел нарығына да жетеді, одан бөлек шетелдерге саудаланып жатыр. Кандидат қызметкерлерді сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Зауыт мамандары да сұрақ қойып пікір алмасты. Мұнан соң кандидат құрылыс цехының жұмысымен танысып сайлаушылармен кездесті. Мұнда 500-ден астам адам еңбек етеді. Ал олардың 90 пайызы кәсіподақта.

Татьяна Васильева, кәсіпорынның зертхана басшысы:

- Әрине, қоғам белсенді болу керек. Ел азаматы ретінде маңызды сәт туғанда жауапкершілікті сезінуі керек. Сондықтан сайлаушылар әр кандидаттың бағдарламасына қызығушылық танытып, танысып, өз таңдауын жасауға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде