{metadescription}
Жигули Дайрабаев үгіт-насихат жұмыстарымен Шығыс Қазақстан облысына барды
Жигули Дайрабаев үгіт-насихат жұмыстарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

Жигули Дайрабаев үгіт-насихат жұмыстарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

«Ауыл» партиясының атынан президент сайлауына түсіп жатқан Жигули Дайрабаевтың өңірлерге сапары жалғасуда. Кандидат үгіт-насихат жұмыстарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.

Үміткер алдымен  Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесті. Шаһар жұртшылығы мұндағы өзекті проблемаларды ортаға салып қызу пікір алмасты. Қала іргесіндегі шаруа қожалықтарын аралаған Дайрабаев диқандардың да базынасын тыңдады. Әсіресе майлы дақыл өсіретін фермалардың жұмысын көріп, көп жылдан бері шешімін таппай жүрген күрмеулі мәселелерді шешу жолын ұсынды. Жигули Дайрабаев пен оның жақтастары бұдан кейін сүт және мал шаруашылығы кешеніне ат басын бұрды. Ол жерде кандидаттың партияластары сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын жұртшылық назарына ұсынды.

Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

- Қазір шаруалардың кейбір жерде пайдаланатын екіүш алқапты ауыспалы егістің өзі мына жердің сапасын жақсартпайды. Ол жердің сапасын құр сақтап тұр. Мұнда 5-10 алқапты ауыспалы егіс бар. Міне, соның арқасында ШҚО-дағы осы шаруашылықтардың жері жылдан жылға сапасы жақсарып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде