Нұрлан Әуесбаев жемқорлықпен күресті күшейтуді ұсынады
Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Орал қаласына барды. Үміткер өңірлік штаб жұмысымен танысып, саяси науқан алдында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың жай-жапсарын пысықтады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
07.11.2022
Қазір Батыс Қазақстан облысында кандидаттың сенімді өкілдері мен еріктілер қызу жұмысқа кіріскен. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынының атынан саяси додада сынға түсетін үміткер қаладағы сайлаушылармен де кездесті. Тұрғындарға сайлауалды тұғырнамасын түсіндіріп, сан түрлі сұраққа да жауап берді. Үміткер жемқорлықпен күресті күшейтіп, пара алғандарға қатысты жазаны қатаңдатуды ұсынады. Жалпы Нұрлан Әуесбаев елдің жеті өңіріне барды. Кандидат сайлауға дейін 50-ден аса іс-шара өткізуді жоспарланған.
Нұрлан Әуесбаев, ҚР президенттігіне кандидат:
- Бүгін біз Орал қаласына келдік. Осында жергілікті активпен кездестік. Кездесу өте тартысты өтті. Әр түрлі сала бойынша сұрақтар қойылды. Алдағы жоспарымыз, мүмкін Ақтауда боламыз, үлгерсек, және солтүстік өңірдің біраз жерінде боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!