B2B Jewelry қаржы пирамидасына алданған 200-дей адамға 123 миллион қайтарылды
Алматыда қаржы пирмадиасына алданған 200-ге жуық адамға 123 миллион теңге қайтарылды. Салымшыларды сан соқтырған компания басшысы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Күмәнді ұйымға қатысы бар өзге тұлғаларға қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
07.11.2022
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қаржы пирамидасы B2B Jewelry зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған. Нақтырақ айтсақ, олар құны 15 мың теңге немесе одан қымбат алтын, күміс әшекей бұйымдардың «сертификаттарын» сату арқылы халықтан ақша жинаған. Салымшыларды сертификат құны бір жылда 500 пайызға өседі деп алдаған. Ең басты шарты – көбірек адам тарту. Бүкіл ел бойынша салымшы саны 10 мыңнан асқан. Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті жүздеген адамды тақырға отырғызған компанияны әшкерелеп, басшысын құрықтаған болатын.
Әлібек Әбділов, Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
- Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті B2B Jewelry зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан және 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!