Шымкентте ерлі-зайыптылар қонақүйлерінде қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген
Шымкентте ерлі-зайыптылар қонақүйді интим қызмет көрсететін жын-ойнаққа айналдырған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті аталмыш іске қатысы бар 7 адамды ұстады.
Автор: Айғаным Достанбай
07.11.2022
Олар қонақүй кешінін жалға алып, 18-22 жас аралығындағы өрімдей қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Әйелі мен күйеуі осы заңсыз іске өз жақындарын да тартыпты. Туыстарының бірі әкімші болса, өзгесі такси қызметін атқарған. Ал жезөкшелікпен айналысатын адамдарды таныстары арқылы жұмысқа шақырған екен. Олармен қонақүйде тегін тұрасың және табысты теңдей бөлісеміз деп келісіпті. Бірақ қыздарды қарызға батырудың амалын тауып, қонақүйдің есік-терезесіне темір тор салып тастаған.
Қанат Нұрмағамбетов, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы:
- Қыздардың көбісі елдің оңтүстігінен және Өзбекстаннан келген. Барлығы он қыз қызмет көрсеткен. Ал ақысы 5000-40000 теңге аралығында. Қылмыстық топ көзге көрінбеу үшін тек түнде ғана жұмыс істеген. Қонақүйдің есігі ылғи жабық тұрған. Ішке тек тұрақты клиенттер қоңырау шалғаннан кейін ғана кірген. Жеңіл жүрісті қыздар күн сайын 50 шақты адамды қабылдаған. Қылмыстық топ табысын арттыру үшін тағы бір қонақ үйді жалға алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!