{metadescription}
«Қорқыт ата» кинофестивалінде қазақстандық өнерпаздар үш  жүлдеге ие болды – Түркия
«Қорқыт ата» кинофестивалінде қазақстандық өнерпаздар үш  жүлдеге ие болды – Түркия

«Қорқыт ата» кинофестивалінде қазақстандық өнерпаздар үш жүлдеге ие болды – Түркия

Түркияның Бұрса қаласында өткен түркі халықтарының «Қорқыт ата» кинофестивалінде қазақстандық өнерпаздар үш бірдей жүлдеге ие болды. Бес күнге созылған ауқымды шара аясында отандық туындылар Түркия төрінде көрсетіліп, қатысушылар бақ сынаған.

«Бұл тек бәйге ғана емес, ортақ жұмыстарды жоспарлайтын келісім алаңына айналуы керек», - дейді ұйымдастырушылар. Болашақта бұл мәртебеге Қазақстан да ие болады деген жоспар бар.

Осман империясының алғашқы астанасы болған Бұрса шаһары негізі  тау  және ондағы шаңғысымен ерекшеленеді. Сондықтан мұнда келімді-кетімді адам көп. Бірақ бұл жолы түбі бір түркі жұртының Бұрса қаласында бас қосуына себеп басқа – Қорқыт ата кинофестивалі. Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжаннан келген киногерлер бір арнада тоғысты. Бұл расында аспаннан жұлдыз жауған күн болды.

1821 жылы АҚШ-тың Джорджтаун штатында сол кездегі президент Джеймс Монроның кемеден жағаға өтуіне алғаш рет қызыл кілем жайылған. Содан бері бұл кілем аса маңызды шаралардың айрықша белгісі секілді.

 Алдымен қыры мен сыры көп киноәлеміне енді қадам басқан жастар марапатталды. Қазақстандық Арнұр Қасенов пен Рузия Әбілда Қырғызстан, Әзірбайжанның өкілдерімен бірлесе атқарған жұмысы үшін сахна төрінен көрінді. Кейін фестивалдің салмақты марапаттары басталды. Продюсер Қанат Төребай Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін сыйлыққа ие болды.

Қанат Төребай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, продюсер:

- Бұл жүлде мен үшін үлкен абырой. Менің ойымша,  бұл жүлде тек  менің жеке жетістігім емес. Бүкіл еліміздің жеңісі деп ойлаймын. Әрине, енді өнер саласында жұмыс істеп жүргеннен кейін осындай жүлделер алып, еңбегімізді бағаласа – шабыттандырады.

Негізі кинотуындылар үш бағытта бағаланды: үздік көркем фильм, деректі фильм, режиссёр жұмысы. Деректі фильмдер арасында сынға түскен қазақстандық «Еуразия ханшайымдары» картинасы үздік үштіктің қатарынан көрінді. «Тұңғыш рет ауқымды кинобәйгеде жүлде жеңіп алу мен үшін үлкен қуаныш», - дейді продюсер Айгүл Черендинова. 

Айгүл Черендинова, продюсер:

- Бір жылдай түсірілді. Деректі фильм болғаннан кейін біз өзбек елінен бір кейіпкерді түсірдік, содан кейін қырғыз елінен, Моңғолиядан. Содан кейін Ресейдегі мамандар сұхбат берді. Бұл үлкен жоба болды. Өзіміздің Қазақстанда, Сырымбет Павлодарда түсірдік, Алматыда түсірілім жүргіздік.

Ал тағы бір отандасымыз Қайрат Кемалов «Ақ боз үй» көркем туындысындағы еңбегі үшін «Үздік ер адам» рөліне жүлде иеленді.

Жалпы Бұрсадағы басқосуға бауырлас мемлекеттерден 200-ге жуық киномамандары жиналған. «Фестивалдің мақсаты – түбі бір түркі жұртының ынтымағын көрсету ғана емес», - дейді ұйымдастырушылар.

Сұлтан Раев, Түріксой ұйымының бас хатшысы:

- Біздің ортақ мәдени құндылықты кеңірек насихаттауда фильмдердің маңызы зор. Бірақ бұл жолғы фестивалдің мақсаты – бауырлас халықтардың басын қосып, өзара мықтысын анықтау ғана емес. Орайы келсе, болашақта жарыққа шығуы мүмкін бірлескен кинотуындыларды талқылау. Кинопрокат, дубляж, балалар киносы секілді мәселелерді шешу жолдарын ақылдасу, ортақ шешімге келу.

Түркі жұртының назарын аударған «Қорқыт ата» кинофестивалі енді дәстүрлі түрде өтуі керек. Алдағы жылы мұндай мәртебеге Әзірбайжанның Шуша қаласы ие болады. Одан кейінгі кезек – Алматы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде