{metadescription}
Алматыда екі автобус соқтығысты – оқиғаның жай-жапсары
Алматыда екі автобус соқтығысты – оқиғаның жай-жапсары

Алматыда екі автобус соқтығысты – оқиғаның жай-жапсары

Алматыда жолаушыларға лық толы екі автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды. Жол апатынан тоғыз адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қос қоғамдық көлік бағдаршам істен шыққан қиылыста бір-біріне жол бермей ұрылған. Соққының екпінімен бір автобус жол бойында тұрған адамды жаншып өтіп, ол оқиға орнында жан тапсырды.

Жантүршігерлік жол апаты түскі сағат екі шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, Төле би көшесімен жоғарғы жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан №201 бағыттағы автобус Абылайхан көшесімен жоғары қарай жүріп бара жатқан қоғамдық көлікті қағып сосын ағашқа соғылып әрең тоқтаған.Сол уақытта бұл көшедегі бағдаршам да істемей тұрған. Ал жол қозғалысын реттейтін тәртіп сақшыларын көрмедік дейді оқиға куәгерлері.

Игорь Совпенко, оқиға куәгері:

- №201 бағыттағы автобус қатты жылдамдықпен соқты. Жол бойында тұрған адамдарды қағып өтті. Бір адамның денесін құтқарушылар автобустың астынан алып шықты. Автобустың ішіндегілер де зардап шекті. Бағдаршам істен шыққанда полицейлер келіп, қозғалысты не үшін ретке келтірмегені түсініксіз.

Жолаушыларға лық толы қос қоғамдық көліктің соқтығысқан сәті әлеуметтік желіге таралып кетті. Бейнебақылау камерасынан автобустар бір-біріне жол бермегенін байқауға болады. Қатты соққының екпінімен екі автобус жолындағы адамдарды қағып, саябақтың ішіне бір-ақ кіріп кетті. Автобустың бірі қиылыста тұрған бір адамды жаншып өткен. Көліктің астында қалған тұрғын оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал қалған тоғыз адам түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Оның біреуі 10 жастағы бала.

Ләйлә Иманғалиева, Алматы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Медициналық көмекке 21 адам жүгінді. Қазір тоғыз адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа тұрақты. Көбінің миы шайқалған, түрлі жарақат алған. Ешкім жансақтау бөлімінде жатқан жоқ.  

Полиция қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптама тағайындады. Тәртіп сақшылары апаттың себебін анықтап жатыр. Ал автобус паркінің бірінің өкілдері тергеу қорытындысы бойынша шара қолданатынын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде