{metadescription}
Сүт бағасы неге ай сайын өсіп жатыр?
Сүт бағасы неге ай сайын өсіп жатыр?

Сүт бағасы неге ай сайын өсіп жатыр?

Елімізде сүт бағасы тағы да өсті. Ағарғанның орташа жылдық құны 15 пайызға, бір айда екі жарым пайызға шарықтған. Қазақстанның сүт одағы мемлекет кәсіпкерлерге қол ұшын созып, субсидия мәселесін қайта қарастыруды сұрайды. Әйтпесе сүт бағасы қымбаттай беруі мүмкін деп отыр. Ағарған бағасының аспандауына не себеп?

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік саналатын сүттің бағасы ай сайын өсуде. Мәселен, қазан айында ағарғанның құны екі жарым пайызға қымбаттаған. Оған себеп те көп. Мәселен, ферма шаруалары соңғы жылда бағаны ұстап тұру мүмкін болмай жатқанын айтады. Өйткені жем-шөптің қымбаттағаны кесірін тигізуде. Сол себепті зауытқа былтыр сүттің бір литрін 150 теңгеден өткізсе, биыл 197 теңгеге көтеруге тура келіпті.  

Бағжан Пірәлі, ферма қызметкері:

- Малға тек жемшөп бермейсін. Тұз, калций, аралас қоспалар бар. Бәрі шетелден әкелінеді. Сол себепті шетел валютасымен ақша төленгендіктен, шетелден қымбат келеді. Ал елімізде тек жүгері, сүрлем, жоңышқа, арпа ғана егеміз. Үшеуі ғана. Толық емес. Елде толық азық базасы жоқ. Шетелден көп препараттар алынады.

Сиырлар арнайы аппаратпен сауылады. Жабдықтың бәрі толық автоматтандырылған, сондықтан адамның араласуын аса қажет те етпейді. Сол себепті сегіз сауыншы екі ауысымда жұмыс істейді. Фермада жалпы 920 сауынды сиыр бар. Ол күніне 20 тоннаға жуық сүт береді. Осылайша сүтті саууға адам аз жұмылдырылғанымен, ірі қараны баптап күтуге әр маманның көмегі қажет дейді шаруалар. Яғни туылғаннан бастап өнім бергенше, оны өсіру, жем-шөбін беру оңай шаруа емес. Сол себепті мемлекеттен берілетін көмек құнын өсірсе деген ниетте. Бұл мәселені Сүт одағындағылар да көтеріп отыр. 

Дінмұхамед Айсауытов, Қазақстан сүт одағының өкілі:

- Елімізде бәрі қымбаттап жатыр. Сүт бағасы да өскен. Мемлекеттен кәсіпкерлерге қолдау қажет. Баға одан әрі шарықтамас үшін ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау мөлшерлемесін қайта қарастыруы керек. Өйткені қазіргі белгіленген мөлшерлеме сүт саласындағылардың көңілінен шықпайды. Бұдан бөлек, дәнді дақылдардың құны да аспандап тұр.

Шаруаларға берілетін субсидия талабын тізіп берген министрлік мемлекеттен көрсетілетін көмек жеткілікті дейді. Оған биыл бюджеттен 18 миллиард бөлініпті.

Зәуре Хамитова, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің бас сарапшысы:

- Субсидиялау көлемі, қаражат 2.6-ға өскен. 2017 жылы 9 миллиард қарастырылған болса, биыл 24 миллиард. Оның ішінде сүт өндіруге 18 миллиард қарастырылған. Инвестиция кезіндегі субсидиялау бағдарламасына сәйкес, инвесторлардың жабдықтар мен ауыл шаруашылық жануарларын сатып алуға, сондайақ құрылыс жұмысына жұмсалған шығынын 25 пайызға дейін өтеу қарастырылған.

 Ал экономистер сүт өндірушілермен қоса шем-шөп егетіндерге де субсидия қарастырса дейді. Өйткені қымбатшылық дәл осы мал азығының аспандауынан туындаған. 

 Арман Байғанин, экономист:

- Егер жемшөп бағасы қолжетімді болса, сәйкесінше сүт бағасы да өспейді. Қымбатшылықтың туындауына ең алдымен әлемдегі болып жатқан жағдай себеп. Шетелдерде дәндідақыл бағасы бір жылда 50 пайызға дейін өсті. Яғни сыртқы факторлардың кесірінен сүт те, сүт өнімдері де бағасын ұстап тұра алмай жатыр.   

Министрлік келтірген мәлімет бойынша, субсидия ірі қарасы 50 бастан асқандарға беріледі. Оны кәсіпкерлер жеке мал басына есептегенде жеткіліксіз екенін айтып отыр. Сөйтіп сүтін зауыттарға шикізат ретінде жоғары бағада өткізуге мәжбүр. Ары қарай делдалдар арқылы сүт өнімдері дүкен сөрелеріне жеткенше тіптен қымбаттай түседі. Бір литрі 450 теңгеден бастап мың теңгеге дейін жетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде