{metadescription}
Мейрам Қажыкен Ақтөбенің медицина университетінде кездесу өткізді
Мейрам Қажыкен Ақтөбенің медицина университетінде кездесу өткізді

Мейрам Қажыкен Ақтөбенің медицина университетінде кездесу өткізді

Президенттіктен үміткер Мейрам Қажыкен Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесті.

Кандидат медицина қызметкерлеріне лайық еңбекақы төлеу қажеттігін, сонымен бірге республикалық бюджеттен денсаулық сақтаудың барлық саласын қаржыландыру керек екенін атап өтті. Қатысушылар да өзін мазалаған сұрақтарын қойды. Болашақ дәрігерлерді тұрғын үй сатып алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі сияқты тақырып қызықтырады екен. Кездесу соңында Мейрам Қажыкен Ақтөбеде сайлаушылардың сұрақтары мен тілектерін қабылдайтын штаб жұмыс істейтінін айтты.

Мейрам Қажыкен, ҚР президенттігіне кандидат:

- Штаб өкілдері ауданда халықтың алдындағы бағдарламамды таныстырды. Үгітнасихатты жалғастырады. Келесі өңір – Маңғыстау. Ақтауда екі күн боламын. Ол жақта да жоспарда бес-алты кездесу тұр. Жаңаөзенге барамын. Сондай жоспар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде