{metadescription}
Қарақат Әбден Қызылордада штаб жұмысымен танысты
Қарақат Әбден Қызылордада штаб жұмысымен танысты

Қарақат Әбден Қызылордада штаб жұмысымен танысты

Қарақат Әбден Қызылордаға ат басын бұрды. Үміткер мұндағы өңірлік штаб жұмысымен танысты. Бірқатар тапсырма беріп, алдағы жұмысты нақтылады.

Сол жерде атқарылған жұмыстармен танысып, өкілдерге бірқатар тапсырма берді. Қазір штабта бес адам жұмыс істейді. Материалдық-техникалық база толық жасақталған. Облыс бойынша 100-ге жуық ерікті тартылған. Өңірге республикалық штаб басшысы да барды. Ол еріктілермен бірге пәтер аралап, жергілікті тұрғындармен кездесті. Қарақат Әбденнің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпарат парақтарын таратты.

Маржан Бисенова, ҚР президенттігіне кандидат Қ.Әбденді қолдау өңір штабының басшысы:

- Штаб жұмысын кестеге сай жасауда. Қызылорда облысы бойынша аудандар волонтерлармен қамтылған. Күнделікті облыс бойынша, қала бойынша әлеуметтік сұрақтар түсуде. Бесалты сұрақтан қарастырып, халыққа жауап берілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде