Нұрлан Әуесбаев: Негізгі мәселеміздің көбісін еңсердік
Оппозиция атынан сайлауға түсіп жатқан кандидат Нұрлан Әуесбаевтың Оралдағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Кандидат халықпен жүздесіп толғандырған мәселелерімен танысты.
Автор: Елдос Есенбол
08.11.2022
Бұл жолы үміткермен кездесуге келгендердің басым бөлігі – жастар. Арасында оқуын тәмамдап диплом алғандары да, студенттер де бар. Оларды жатақхана мен жұмыс жайы көбірек мазалайтыны айтпаса да белгілі. Нұрлан Әуесбаев өз сөзінде аталмыш мәселелерді көтерді. Тұрғындар сөз арасында өңірдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайы нашар екендігін де жеткізді.
Нұрлан Әуесбаев, ҚР президенттігіне кандидат:
- Мүгедек жандарға, басқа әлеуметі аз қамтылғандарға баса назар аудармайды деген сияқты көптеген әлеуметтік мәселелердің бәрі қамтылып өтті. Мүмкіндігінше барлық мәселе бойынша жауап бердік. Өте көп шара өткіздік. Шамамен 30-35-тей шара өткізілді. Негізгі мәселеміздің көбісін еңсердік, алда тағы біраз істер бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!