{metadescription}
Президенттікке кандидаттар 11 қарашада теледебатқа шығады
Президенттікке кандидаттар 11 қарашада теледебатқа шығады

Президенттікке кандидаттар 11 қарашада теледебатқа шығады

Кезектен тыс президент сайлауына 12 күн қалды. Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын насихаттау үшін тікелей эфирде пікір алмасуға мүмкіндік берілмек. Теледебат республикалық арнаның эфирінен 11 қараша күні кешкі сағат 20:00-де көрсетіледі.

Ел президенттігіне үміткерлер сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, бақталастарымен бір студияның ішінде сөз жарыстырады.

Үгіт-насихат науқанымен еліміздің әр өңіріне тарыдай шашылған кандидаттар 11 қарашада Астанада бас қосайын деп отыр. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлер арасында өтетін пікірсайыстың талаптарын бекітіп қаулы қабылдады. Дебат Хабар арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал пікірсайысқа қатысушыларға төрт раунд белгіленген.

Анастасия Щегорцова, ОСК мүшесі:

- Әр раундқа сәйкес, пікірсайысқа қатысушылар өз сайлау бағдарламасымен сөз сөйлеуге, қарсыластарына сұрақтар қоюға, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беруге, сондайақ сайлаушыларға үндеу жасауға мүмкіндік алады.

Теледебатқа қатысатындардың есімі белгілі. Тізімде алты үміткердің бесеуі бар. Ал қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына оның сенімді өкілі, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов сөз сөйлейді. Орталық сайлау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, пікірсайысқа қатысушыларды орталық штаб ұсынғандықтан, бұл шешімге еш қарсылық көрсете алмайды екен.

Шавхат Өтемісов, ОСК мүшесі:

- Сайлау комиссиясында ондай құқық жоқ. Біз заң шеңберінде   жұмысымызды атқарамыз. Кім қатысады, кандидаттың өзі ме, әлде оның атынан сенімді адамы ма, сол кандидаттың штабы шешеді. Қазіргі жағдайда штаб сондай шешім қабылдаған екен. Біз оны ешқандай өз құқығымызбен шеше алмаймыз.

Естеріңізде болса, таяуда ғана "Ауыл" партиясынан сайлауға түсіп жатқан Жигули Дайрабаев Жалпы ұлттық социалдық демократиялық партияның кандидаты Нұрлан Әуесбаевты өзін сынағаны үшін бетпе-бет сөз сайысқа шақырған. Енді соның орайы келіп тұр. Ал Орталық сайлау комиссия мүшелері кандидаттар дебат кезінде бір-бірін балағаттамай, құрмет көрсетуге шақырды. Пікірсайысқа бас-аяғы 80 минут беріліп отыр, сондықтан үміткерлер өзіне бөлінген әр минутты мейілінше тиімді пайдаланғаны жөн.

Шавхат Өтемісов, ОСК мүшесі:

- Екі тілде өтеді. Кім қай тілде сөйлегісі келеді, қай тілде сұрақ қойғысы келеді, сол тілде өтеді. Сол тілде әңгіме жүргізіледі. Мысалы, жаңа айтылды ғой, сайлаушылардың да атынан сұрақтар келуі мүмкін. Қай тілде сұрақ қойылады, сол тілде жауап беріледі.

Кезектен тыс президент сайлауын бақылауға бүгінге дейін төрт халықаралық ұйымнан 110 байқаушы өтініш берген. Комиссия мүшелерінің сөзінше, Қазақстан тарапы шетелден келетін қонақтардың жүріс-тұрысына, ас-ауқатына көк тиын да қаражат бөлмейді. Мұның барлығын ұйымның өзі қаржыландырады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.