Түркістан облысындағы Боздың деңгейі тасып, ауылды су алды
Түркістан облысында жаңбыр толастамай жатыр. Әсіресе таулы Төлеби ауданындағы жағдай қиын. Мұнда нөсер жауыннан Боз деп аталатын арнаның деңгейі тасып, ауылды су алды.
Автор: Бек Әбиев
08.11.2022
Екі күн жауған жаңбырдан арнаның суы толып, бір беткейі жарылған. Соның салдарынан Зағамбар ауылындағы 25 баспанаға қызыл су кірді. Одан өзге мектеп пен балабақшада су астында қалған.
Қазір көлге айналған аулалар судан толық тазартылды. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті мекемелердің күшімен арық кеңейтіліп, 500 қап құм төселген. Зардап шеккендер жоқ. Десе де жауын аптаның соңына дейін жалғасады деп болжануда. Сондықтан табиғаттың тосын мінезіне дайын болуымыз керек дейді мамандар.
Ерік Сарыбаев, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:
- Зардап шеккендер мен қандай бір жарақат алғандар тіркелген жоқ. Алайда жаңбырдың ары қарай жаууы күтілуіне сай, департаменттің және жергілікті атқарушы органның техникасы мен жеке құрамы кезекшілікте тұр. Бұзылған Боз каналының беткейі қайта қалпына келтіріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!