Жамбыл облысында ұрылар газ құбырларын тонап кеткен
Жамбыл облысында ұрылардың кесірінен ауылға газ тарту жұмысы тоқтап қалды. Өйткені олар елдімекенге көгілдір отын жеткізуге әкелінген құбырларды тонап кеткен.
Автор: Руслан Әбдіхалық
08.11.2022
Жер астымен жүргізілетін диаметрі үлкен құбырлар Байзақ ауданында тас жолдың бойынан қолды болған. Оны әккі ұрылар түнде келіп машинаға тиеп әкеткен. Одан қарауылдың қалай көз жазып қалғаны түсініксіз. Дегенмен жеңіл жолмен пайда көрем дегендердің ойы жүзеге аспады. Мердігердің шағымынан соң іске кіріскен тәртіп сақшылары көп ұзамай күдікті ретінде Тұрар Рысқұлов ауданының екі тұрғынын қолға түсірді. Олар құны қымбат полиэтилен құбырларды Шымкенттегі кәсіпорынға өткізіп үлгеріпті. Ұсталған азаматтар кінәсін мойындады. Жоғалған құрылыс заттары кәсіпкерге қайтарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!