{metadescription}
Ақтөбеде ортасындағы ескі элеваторды бұзуға бәрі қарсы шықты
Ақтөбеде ортасындағы ескі элеваторды бұзуға бәрі қарсы шықты

Ақтөбеде ортасындағы ескі элеваторды бұзуға бәрі қарсы шықты

Ақтөбенің қақ ортасындағы ескі элеватор бұзылмайтын болды. Қаңырап тұрған ғимаратты қиратуға әкімдіктен бастап, жергілікті тәртіп сақшылары мен құтқарушыларға дейін сотқа шағымданған.

Элеватордың ескі ғимараты қазір қаңғыбастар мекеніне айналған. Ойын баласы да осында жүр. Қанша рет қоршап күзет қойғанымен, еш нәтиже жоқ. Жазда тоғыз жасар бала осындағы төрт метр тереңдіктегі резервуарға құлап мерт болған. Осы оқиғадан соң қаңырап тұрған ғимарат банктердің бірінде кепілде тұрғаны белгілі болды. Жергілікті билік қауіпті нысанды қирату қажет деп отыр. Бірақ экономикалық сот элеватор ғимаратын бұзуға тыйым салып, қауіпсіздік шарасын банктің мойнына жүктепті.

Гүлжанар Отарбаева, Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы:

- Істі қарау кезінде сотқа талап қоюшы және үшінші тұлғалармен даулы объект апаттық объектіге жататындығы, осыған орай оны бұзу керек екендігі жөнінде жеткілікті дәлелдемелер ұсынылмағандықтан, сот шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде