ШҚО: Ұлан ауданында құсбегілер чемпионаты өтті
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында құсбегілер чемпионаты өтті. «Шығыс Салбұрыны» додасына 30-дан астам құсбегі келген. Арасында бүркіт ұстап әлемге танылған қыз-келіншектер де бар.
Автор: Ұлан Нұрахмет
08.11.2022
Айшолпан Нұрғайыпқызы, құсбегі:
- Бүркітшілікке кішкене кезімнен қызықтым. Себебі: дүниеге келгеннен бастап көргенім бүркіт болды. Менің алдымда ағам бүркітші болған. Ол әскерге кетті. Одан кейін бүркітпен мен айналыса бастадым. 13 жасымда бүркітші Айшолпан ретінде әлемге танылдым.
Құсбегілер жарысы осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Додаға Қырғызстан, Моңғолия, Венгрия, Ресей құсбегілері де келді. Сайыста бүркіттің алғырлығы, шапшаңдығы және аңға түсу шеберлігі бағаланады. Сондай-ақ қолға шақыру, еркін ұшыру, шырға салудан бүркіттің ең мықтылары анықталды. Сайыста жат жерді жатырқап тұрған қыран байқалмады. Керісінше, қашқан қояндардың бірде-бірі бүркіттің тырнағынан құтылып кете алмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!