{metadescription}
Шәмшінің екі жыл бұрын табылған әнінің тұсауы кесіледі
Шәмшінің екі жыл бұрын табылған әнінің тұсауы кесіледі

Шәмшінің екі жыл бұрын табылған әнінің тұсауы кесіледі

Шәмшінің бұрын естімеген әні халыққа жол тартады. Қазақ вальсінің королінің осыдан жарты ғасыр бұрын жазған туындысы екі жыл бұрын табылыпты. Шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлі композитордың жарыққа шықпаған жаңа әнін ертең қойылатын Шәмші әндерінің кешінде тұсауын кеспек. Туынды «Мені ойлап жүрмісің» деп аталады.

Қалдыбек Құрманәлі, композитор, Шәмшітанушы:

- Дәстүрлі Шәмші әнінің кеші үш буын: аға буын, орта буын, жас буын орындалады. Шәмші Қалдаяқовтың ән кешінде орындалмаған, орындалса да, аз орындалған әндерін және Шәмші әндерін айтпаған әншілерді шақыруға тырысамыз. Осы жерде де халық ертең соның куәсі болады.  Шәмші әні жылданжылға айтыла береді.

Жыл сайын өтетін Шәмші әндерінің кешінде талап өзгермейді дейді ұйымдастырушы. Яғни "Ән ағаның" көзі тірісінде жазып кеткен сазды әндерінің сөзі мен ырғағы бұзылмай халыққа жету керек.

Композиторға арналған кеш ертең Алматыдағы Республика сарайында өткізіледі. 32 туындысы орындалады. Сондай-ақ Қалдыбек Құрманәлі концертте жас буындарға да ән айтуға мүмкіндік беріпті. Сол арқылы жастарды Шәмші әндеріне баулу – мақсатымыз дейді.

Ән ағаға арналған байқауды да қайта қолға алуды көздеп отыр.

Еске салайық, биыл мемлекет басшысының жарлығымен Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның еңбек ері» атағы берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.