{metadescription}
"Арселор Миттал Теміртау" басшылығы қаза тапқан кеншілер үшін көпшіліктен кешірім сұрады
"Арселор Миттал Теміртау" басшылығы қаза тапқан кеншілер үшін көпшіліктен кешірім сұрады

"Арселор Миттал Теміртау" басшылығы қаза тапқан кеншілер үшін көпшіліктен кешірім сұрады

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшылығы бүгін ғана ел алдына шығып қаза тапқан кеншілер үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

Баспасөз маслихатын бастамай тұрып, алпауыт компания өкілдері шахтадағы апат қабырғаларын қайыстырғанын қинала жеткізді. Айтуларынша, болашақта шетел мамандарын шақырып, өндірістегі әрекеттердің жаңа алгоритмі мен тәуекелді бағалайтын жүйе құрмақ. Жұмыскердердің еңбек қауіпсіздігіне баса назар аударылатынын да жеткізді. Оның дәлелі ретінде инвестиция көлемін жариялады. Олар Қазақтанда жұмыс істеген 25 жылда 5 миллард доллар, ал соңғы бір жылда 1 миллард доллар құйғанын айтады. Бұл қаражатқа 25 шахта комбайны мен жер астын газдан тазартуға қолданатын 20 бұрғылау қондырғысын алыпты. Десе де Ленин атындағы шахтасындағы апаттың себебі әлі белгісіз. Оны арнайы комиссия анықтап жатыр.

Өткен бейсенбі күні аталған шахтада метан газы жарылып, бес кенші көз жұмған. Тағы төрт жұмысшы түрлі жарақат алды.

Виджай Гояль «Арселор Миттал ТМД» компаниясының атқарушы вице-президенті:

- Мен компания командасының Қазақстанның алдында міндеттемелері барын айтқым келеді. Әрине, Ленин атындағы шахтадағы апат көп еңбекті еш етті. Дегенмен біз, компания ретінде жақсы жаққа өзгерістер болуын қалаймыз. Біз өз жұмысшыларымыз, қоғам және үкімет алдында абыройымызды қайта қалыптастыруға тырысамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде