{metadescription}
Мейрам Қажыкен жақтастарымен бірге Маңғыстау облысында жүр
Мейрам Қажыкен жақтастарымен бірге Маңғыстау облысында жүр

Мейрам Қажыкен жақтастарымен бірге Маңғыстау облысында жүр

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен жақтастарымен бірге Маңғыстау облысында жүр. Ол кездесуді Ақтау портынан бастады. Үміткер мұнда бірнеше күн болмақшы.

Сауда порты бір мезетте бірнеше кемені қабылдай алады. Мысалы, бір уақытта келген он кеме осы жерден жүк тиейді. Оларға кем дегенде он сегіз миллион тоннаға дейін жүк салынады. Үміткер мекеменің халықаралық дәрежеде үлкен экономикалық мүмкіндіктер ашатынын айтты. Мейрам Қажыкен теңізшілерге сайлауалды тұғырнамасын арнайы таныстырды. Ондағы еңбек ұжымдарына қатысты бөлігін түсіндіріп берді. Сайлаушылар да мазалаған сұрақтарына жауап алды. Мысалы, тас жолдардың сапасына қатысты біраз талқылау болды. Іс-шараға ірі кәсіпорынның төрағалары да келген.

Жақсығали Құдайбергенов, ҚР президенттігіне кандидат М.Қажыкеннің Маңғыстау облысындағы штаб басшысы:

- Атырау-Астрахань тас жолын  көтерді. Себебі, ол жерде жол апаты көп болады. Жол сапасыз, дұрыс салынбаған. Тағы да бірнеше мәселе көтерілді. Негізі осы кәсіподақтарға зейін қойып жұмыс істеуге өздері ұсыныс жасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде