{metadescription}
10 пайыз өтемақыға бір жарым миллиондай салымшы өтініш берген
10 пайыз өтемақыға бір жарым миллиондай салымшы өтініш берген

10 пайыз өтемақыға бір жарым миллиондай салымшы өтініш берген

Елімізде 1 жарым миллионнан астам салымшы депозит бойынша 10 пайыздық өтемақы алуға өтініш білдірген. Бұл бағдарламаға қатысуға құқылы азаматтардың 30 пайызын ғана құрап отыр. Жалпы он пайыздық сыйақыны бес миллионнан астам адам ала алады.

Өтемақы салымшыға өзі депозит ашқан банктен беріледі. Өтінішті онлайн түрде де келесі жылдың 1 қаңтарына дейін тапсыру керек. Қаражат 2023 жылдың 23 ақпанына дейін банктен теңгемен депозит ашқандарға ғана түседі. Яғни қаржы сонда 1 жыл сақталған болуы шарт. Өтемақы бойынша өтелетін ең жоғарғы сома – 20 миллион теңге. Қазір елімізде 5 миллионнан астам салымшы сыйақы алуға толық құқылы. Оның ішінде салымшылардың 97 пайызы депозитке 5 миллион теңгеге дейін ақша салған. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, өтемақыға 360 миллиард теңге жұмсалыпты. 

Алмаз Құдайбергенов, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төрағасының орынбасары:

- Банктер теңгедегі депозит бойынша 10% есептеуге келісім беру туралы салымшылардың өтінішін қабылдап жатыр. 23 ақпанға дейін депозиті болу керек. Ол депозитті бір жыл ұстау керек. Оны алу үшін 1 қаңтарға дейін өтініш жазу керек. Осындай негізгі үш талабы бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде