{metadescription}
Антикор тағы бір экс-шенеуніктің қолына кісен салды
Антикор тағы бір экс-шенеуніктің қолына кісен салды

Антикор тағы бір экс-шенеуніктің қолына кісен салды

Антикор тағы бір экс-шенеуніктің қолына кісен салды. Бұл жолы лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталып жатқан – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұрынғы орынбасары Тимур Тоқтабаев. Күдікке іліккендердің арасында индустрия министрлігінің өзге де лауазымды тұлғалары бар.

Тергеу мәліметіне қарағанда, Тоқтабаев пен оның сыбайластары кен орнын жекеге заңсыз өткізіп берген. Яғни барлау жасалады деген жалған құжатпен әлдебір кәсіпкердің қолына арзан бағамен ұстата салыпты. Сәйкесінше, ауызбастырық алған деп күдіктенеді тергеушілер. Осындай жылмысқы әрекеттің салдарынан мемлекет қазынасына миллиардтаған қаражат түспей қалған.

Сот санкциясымен Тоқтабаев пен оның жақын туыстарының атына жазылған бағалы дүние-мүлкі тәркіленіп жатыр. Оның ішінде элита үйлер, жер телімдері мен Майбах, Бентли сияқты қымбат маркалы бірнеше автокөлік те бар. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:

- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғалары бұрын барлау жасалған кен орындары бойынша құжаттарды әдейі жасырған. Одан кейін барлау өткізіледі деген сылтаумен пайдалы қазбалар қорын аукционсыз, заңсыз таратқан. Кәсіпкерлер ол жерлерді арзан бағаға алған. Ал мемлекетке ондаған миллиард теңге шығын келді.

Тимур Тоқтабаевтың жасы 41-де. Әр жылдары индустрия министрлігі мен энергетика министрлігінде жауапты қызмет атқарған. Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі орынбасарының лауазымында ол 2016-2019 жылдары төрт жылдай отырған. Осы аралықта ведомствада министр үш мәрте ауысып үлгерген екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде