Мемлекеттік тілді білмегендерге азаматтық бермеу туралы
«Елге көшкісі келетін қандастарымыз қиналмайды». Мемлекеттік тілді білмегендерге азаматтық бермеу туралы ұсынысқа мәжілісмен Бақытбек Смағұл осындай пікір білдірді.
Автор: Елдос Есенбол
09.11.2022
Бақытбек Смағұл, Мәжіліс депутаты:
- Егер іргелес елдердегі қандастарымыз қиналып қалса ... Не істейміз? Олар қиналмайды. Басқа тілге шек қойып жатқан жоқ. Бірақ мәртебе – мемлекеттік тіл. Оны мемлекет бірінші, ең жоғарғы дәрежеге қою керек. Талап – Үкіметтен заң шығарушы органдардағы азаматтардың бәрі сөйлеуге тиісті. Вицеминистрлерді, министрлердің өзін алайық. Парламентке келгенде әліппенің ішіндегі әріптерді танымайтындары бар.
Сондықтан тіл мәселесіне немқұрай қарайтындарға Қазақстанда орын жоқ дейді депутат. Мемлекеттік тілді білмегендерге азаматтық бермеу мәселесі бірнеше күннен бері де елде қызу талқыланып жатыр. Бұған Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың бір топ депуттатың сауалына берген жауабы себеп. Онда: «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға түзетулер әзірленгені жайында жазылған. Яғни мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың әліппесін білмегендерге Қазақстан азаматтығы берілмеуі мүмкін. Ал азаматтықты алып қойған, бірақ қазақ тілін білмейтіндердің жағдайы не болатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ премьер-министр ұсынған түзетуде қос азаматтықтың алдын алу жайы туралы да айтылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!