{metadescription}
26 желтоқсанда Алматы театрында – A’Studio-ның «Джулия» мюзиклі
26 желтоқсанда Алматы театрында – A’Studio-ның «Джулия» мюзиклі

26 желтоқсанда Алматы театрында – A’Studio-ның «Джулия» мюзиклі

Алғашқы махаббат, достық және әншілердің тағдыры. A’Studio тобының үздік әндеріне негізделген «Джулия» мюзиклі желтоқсан айында көрерменге жол тартпақ. Бірақ қойылым топтың тарихына арналмаған, сценариі ойдан құрастырылған. Туындының үзіндісін көрсету рәсімі қалай өтті?

Мюзиклдің «Джулия» деп аталуы да бекер емес. Сюжетте Шыңғыс, Тимур және Джулия әйгілі Apple Pie тобының мүшелері болады. Әншілер арасында сезім ұшқындап, махаббат соңы әр түрлі жәйттарға әрі қызғанышқа әкеп соғады. Осылайша әп-сәтте ұжымның тас-талқаны шағады. Арада 20 жыл өткеннен кейін ғана тағдыр қос ғашықты қайта кездестіреді.

Рүстем Нұржігіт, «Джулия» мюзиклінің қатысушысы:

- Бұл мюзиклда мен бас кейіпкермін. АтымТимур. Бұл кәдімгі қарапайым алматылықтардың, яғни үш достың арасындағы оқиға. Бірінші тәжірибем. Былай концерттерге шығып жүрміз, неше түрлі қойылымдарға қатыстым. Бірақ мюзиклге алғаш қатысуым. Басында сәлпәл қобалжыдым.

Әртістер еліміздің түкпір-түкпірінен және ТМД елдерінен іріктелген. Кастингке екі мыңнан астам адам қатысыпты. Қойылымның басты ерекшелігі – ансамбль. Түрлі аспапта ойнап, жанды дауыста ән шырқайды. Мюзикл  A’Studio тобының ең үздік әндеріне негізделген. Биыл топқа 35 жыл толып отыр.

Байғали Серкебаев, «Джулия» мюзиклінің музыка продюсері:

- Бұл AStudio тобының жеке өмірбаяны емес. Ойдан құрастырылған. Сценариін Михаил Дурненков жазды. Режиссері – Василий Бархатов. Мюзиклді керемет қаламыз – Алматыға арнаймыз. Біздің топ та  Алматыда құрылған. Биыл A’Studio тобына 35 жыл толып отыр. Осы туынды арқылы біз Алматы қаласына тарту жасағымыз келді.

Қос ғашықтың ендігі тағдыры қалай болады? Бұл сұрақтың жауабын 26 желтоқсанда Алматы театрында паш ететін мюзиклде білеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде