{metadescription}
Каспий жағалауынан итбалықтың 132 өлексесі табылды
Каспий жағалауынан итбалықтың 132 өлексесі табылды

Каспий жағалауынан итбалықтың 132 өлексесі табылды

Каспийде тағы да итбалық қырылып жатыр. Бұл жолы теңіз жағасынан 132 өлексе табылды.

Өлген итбалықтар Түпқараған ауданындағы Баутино ауылы мен Форт-Шевченко қаласы аралығындағы аумақта жатқан. Қазір мамандар теңіз жануарының нақты неден өлгенін анықтап жатыр. Ол үшін өлекселер табылған жерден су мен топырақ сынамасы алынған. Мамандар өлекселердің кейбірі шіріп кеткен дейді. Сондықтан ұзақ уақыт бұрын өлді деген болжам бар. Десе де екі күн бұрын 100-ден астам итбалықты жағаға толқын шығарып тастаса, бүгін тағы 30 өлексе табылған.

Жақсығали Іздібаев, Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасының басшысы:

- Табылған итбалықтардың денесінен ешбір ау құралдарының ізі немесе механикалық жарақат алынбағаны көрінді. Қазір ғылыми институт ғалымдары сынама алып, ішкі құрылыс жұмысын жүргізіп жатыр. Қорытындысы дайын болғанда хабарлайтын боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде