{metadescription}
Алматыда болған автобус апатына қатысты тың ақпарат
Алматыда болған автобус апатына қатысты тың ақпарат

Алматыда болған автобус апатына қатысты тың ақпарат

Бағдаршамның қызыл түсін елемеген! Алматыда бір адам ажал құшқан жантүршігерлік жол апатына қатысты полиция тың ақпарат таратты. Бейнебақылау камерасын талдаған тәртіп сақшылары Абылайхан көшесімен көтерілген 98-ші бағыттағы автобус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, 201-ші бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысқан. 

Алайда бұл мәліметпен 98-ші автобусты тізгіндеген азаматтың әйелі келіспейді. Оның айтар өз уәжі бар. Ал қос автобус тиесілі тасымалдаушы компаниялар өзіне шаң жуытпады. Апаттан зардап шеккен тоғыз адамның жағдайы қандай?

Бейнабақылау камерасына түсіп қалған Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына талдау жасалды. Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға кезінде бағдаршам жұмыс істеп тұрған. Тәртіп сақшылары Абылайхан көшесімен жоғары қарай көтерілген 98-ші бағыттағы автобус бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, 201-ші қоғамдық көлікпен соқтығысқанын жеткізді. Сосын қос автобус соққының екпінімен жол бойында тұрған адамдарда қағып, біреуін тіпті жаншып өткен. Көлік астында қалған 37 жастағы азамат оқиға орнында жан тапсырған.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

- Кеше сағат 14:05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі МАЗ маркалы қоғамдық көліктің жүргізушісі 1987 жылы туған А. есімді азамат Абылайхан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай өтіп кетіп, Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысқан.

Алайда 98-ші бағыттағы автобусты тізгіндеген жүргізушінің жұбайы полиция таратқан ақпаратпен келіспейді. Гүлзира Полатбекова: «Күйеуім жылдамдықты асырмай, бағдаршамның сары түсіне өтті», - деп отыр. Себебі, жолдасы тізгіндеген автобуспен қоса, Төле Би көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан бір адамның асығыс өтіп бара жатқанын бақылау камерасынан байқауға болады дейді ол. Келіншек «бар кінәні бір ғана адамға арту – қисынсыз» деген пікірде.

Гүлзира Полатбекова, жүргізушінің жұбайы:

- 201-ші автобус жылдамдықты қатты асырып, бөгде бір нәрсеге алаңдап отырып, менің жолдасымның автобусының қақ бүйірінен соққан. Фото-видеодан қарасаңыздар, сол жағындағы көліктердің біреуі де қозғалмаған. Бәрі тоқтап тұр. Егер ол тежегішті басатын болса, сол жолда ізі жататын еді. Өкінішке қарай, біздің ішкі істер мекемесі жалған ақпарат таратып отыр. Оқиғаны бір жақты қарастырып, менің жолдасымды айыпты ретінде танып отыр.

Бірақ тергеу әлі жалғасып жатыр. Полиция күдікке нақты кімнің ілінгенін де айтқан жоқ. Бір-біріне жол бермей түйіскен автобустар екі түрлі тасымалдаушы компанияға тиесілі. «Алматыэлектротранс» серіктестігі

201-ші бағытта жолаушы тасымалдайтын қытайлық  жаңа автобустар ұдайы техникалық тексерістен өтетінін мәлімдеді. Компания қоғамдық көліктің тежегіші істен шықты деген ақпаратты да теріске шығарды. Өзге тасымалдаушы мекеменің өкілдері де өзіне шаң жуытпады. «Жүргізушінің 10 жылдық еңбек өтілі бар» деген олар жауаптан қашпаймыз деп отыр.

Абылай Өстемір, City Bus ЖШС директорының орынбасары:

- Жұмысына шағым болмаған, Ол кісінің 2012 жылдан бері қоғамдық көлік жүргізуде еңбек өтілі бар. Таңертең автобус бағытқа шығар кезде медициналық куәландырудан өтеді. Техникалық қараудан өтеді. Барлық процедурадан өткен. Автобустың құжаты – түгел. Сот шешімі нақты шығып, кінәлілер анықталған кезде, егер біздің мекеме кінәлі болса, барлық шығынды өтеуге дайынбыз.

Ал дәрігерлер ауруханада жатқан тоғыз адамның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын жеткізді. Аяқ-қолы сынып, миы шайқалған жандарға

Тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр дейді дәрігерлер. Емделіп жатқандардың қатарында қос автобусты тізгіндеген азаматтар да бар. Жүргізушілердің бірі есін толық білмейді.

Нұржан Әжібеков, №4 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Жағдайы тұрақты. Орташа ауырлықта. Жансақтау бөліміне түскен жоқ. Қабылдау бөлімінде барлық стандартқа сай ісшара жүргізіліп, стационарлық ем керек болғандықтан, сол бөлімшеге жатқызылды. Ота талап етілмейді. Тек ем-дом. Бас жарақатынан есін жоғалтқан науқастар бар. 

Жалпы, жол апатынан зардап шеккендердің көбі сол қиылыста алаңсыз тұрған адамдар. Қайғылы оқиғаның нақты себебі мен кімнің кінәлі екені тергеу аяқталған соң белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.