{metadescription}
Депутаттар "Арселор Миттал Теміртау" басшылығына қатаң шара қолдануды сұрады
Депутаттар "Арселор Миттал Теміртау" басшылығына қатаң шара қолдануды сұрады

Депутаттар "Арселор Миттал Теміртау" басшылығына қатаң шара қолдануды сұрады

"Тергеу ақталғанша елден шықпасын". Депутаттар "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының басшылығына қатаң шара қолдануды сұрады. Бүгінгі отырысты да олар өндірісте опат болғандарды еске алып, бір минуттық үнсіздікпен бастады. Кен орнындағы апаттар жыл өткен сайын үдеп барады.» Ең сорақысы – басшылығының бейқамдығы» - дейді мәжілісмендер.

Тексеру нәтижесінде жүздеген олқылық анықталса да, кен орны түк болмағандай жұмысын жалғастырып келген. Көп жағдайда оқыс оқиғаға қауіпсіздік талабын елемеу себеп болады дейді депутат Юрий Жулин. Биылдың өзінде кен орнында екі рет ірі жарылыс болып, тек қаза тапқандардың саны тоғызға жетті. Соңғысы өткен аптада ғана болған. Ленин атындағы шахтада метан газы жарылып бес адам қаза болып, төртеуі жараланды. Мәжілісмендер "Арселор Миттал" басшылығының қай еңбегі үшін Үкімет жылы қабақ таныта беретінін түсінбей отыр.

Юрий Жулин, Мәжіліс депутаты:

- Елде өндіріс орындадағы апаттар азайса да, «Арселор Миттал Теміртауда» – керісінше, көбейіп келеді. Кен орны мемлекеттен тек ақша алуды ғана біледі. Жұмысшылар алдындағы бірнеше айлық қарызы да қалыпты жағдайға айналған. Сөйте тұра, мемлекеттен тұрақты қаржылай көмек алады. Кез келген басқа елде инвестордың мұндай ісәрекетінен кейін келісімшарт бұзылар еді. «Арселор Миттал» еліміздің заңына құрметпен қарауды үйренуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде