{metadescription}
Қарақат Әбденнің штабы халықаралық тәжірибеге сүйеніп жұмыс істеп жүр
Қарақат Әбденнің штабы халықаралық тәжірибеге сүйеніп жұмыс істеп жүр

Қарақат Әбденнің штабы халықаралық тәжірибеге сүйеніп жұмыс істеп жүр

Президенттікке үміткер Қарақат Әбденнің респбуликалық сайлауалды штаб өкілдері халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеуде. Кандидаттың баспасөз хатшысы осылай деп мәлімдеді.

Бүгін штабта кезекті кеңес өтіп, елорда мен аймақтарда атқарылған жұмыс пысықталды. Мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді. Штаб басшысы өңірлердегі сайлаушылардан түсіп жатқан сауалдар мен ұсыныстар жан-жақты сараланатынын жеткізді. Бұған дейін кандидат Қарақат Әбден сегіз облыстың 13 қаласы мен шағын елдімекен жұртшылығымен кездескен еді.

Еламан Төлепберген, ҚР президенттігіне кандидат Қ.Әбденнің баспасөз хатшысы:

- Кандидаттың өңірлердегі кездесуі жалғасып жатыр. Сайлауалды штабқа қойылған талап өте жоғары. Аймақтардан көптеген сұрақ пен ұсыныстар түсіп жатыр. Сайлаушылармен кері байланыс орнатылған. Олардың бәріне білікті мамандар тиісті жауабын беріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.