{metadescription}
Риддерге қашан жылу берілетінін министрдің өзі нақты айта алмады
Риддерге қашан жылу берілетінін министрдің өзі нақты айта алмады

Риддерге қашан жылу берілетінін министрдің өзі нақты айта алмады

«Жаңасын салу керек». «Бір аптаға жуық жылусыз отырған Риддердегі мәселені осылай шешкен жөн», - дейді энергетика министрі. Себебі: қазандықтар ескірген. Жамағанмен, оның пайдасы шамалы. Әзірге риддерліктердің баспанасына жылу қашан жететінін Болат Ақшолақовтың өзі нақты айта алмады.

Өткен аптада Риддерде жылу қазандығы бұзылып, 22 мың абонент суықта қалған. Шаһар тұрғындары баспанасын электр пешімен жылытуға мәжбүр. Ал мектеп мен балабақшалар уақытша жұмысын тоқтатып, оқушылар үйден оқуға көшті. Қазір 12 бірдей бригада қазандықты жөндеп жатыр. Әзірге үш қазандық жұмыс істеп тұр. Бірақ оның күші қаланы толық жылытуға жетпейді екен. Ең негізгі – алтыншы қазандықты кеше іске қосқанымен, түнде қайта өшіруге мәжбүр болған. Себебі: жылу құрылғысы қайта тесіліп қалған. «Енді ең дұрысы – жаңа қазандықтар салу», - дейді энергетика министрі.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

- Тек Риддерде ғана емес, елдің біраз өңірінде жылу желісі ескірген. Жаңарту керек. Ал Риддерде жаңа жылу электр станциясын салуға кететін шығынды жақсылап есептеген жөн. Тарифті те ескеру қажет. Оны бірден өсіріп жіберуге болмайды. Жалпы, мемлекетке тұтас жылу жүйесін қалпына келтіріп жаңартуға 500 миллирдтай теңге қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

12 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде