{metadescription}
Керекудің сұрқын қашырған ескі үйлер сүріле бастады
Керекудің сұрқын қашырған ескі үйлер сүріле бастады

Керекудің сұрқын қашырған ескі үйлер сүріле бастады

Павлодарда ескі үйлер сүріле бастады. Жергілікті тұрғындар «Бомбей» деп атап кеткен шағын аудандағы сұрықсыз баспаналар жылдар бойы қала көркін қашырып, қылмыс ошағына айналған болатын.

Ольга Бубликова, Павлодар тұрғыны:

- Бұл жерде біз 20 жылдан аса уақыт тұрдық. Осында көшіп келгенде ұлым үш жаста болатын. Қазір жасы 29-да. Екі қызым да осында туды. Қашан жөні түзу үй аламыз деп көп күттік.

Жергілікті билік осы ықшамаудандағы құлағалы тұрған 20 үйді биыл сүріп тастамақ. Бұл баспаналар өткен ғасырдың ортасында тұрғызылған. Әбден тозығы жеткен екі қабатты нысандарда су да, жылу да жоқ. Дәретханасы сыртта. Ал талай жыл тұрмыс тауқыметін тартқан тұрғындардың біразына жаңа баспана алу үшін өтемақы төленген. Кейбірі уақытша жалдамалы пәтерге көшірілген. Олар келесі жылдың соңында салынған шағын аудандағы көпқабатты үйлерге қоныстанады.

Жанкелді Шалғымбаев, Павлодар сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:

- Жаңа жобалау кезінде біз бұл жерге кешенді құрылыс тұрғызуды жөн көрдік. Барлық құрылыс талабына сай көпқабатты үймен бірге балалар орталығын салмақшымыз. Есік алдында  балалар ойнайтын алаңқайлар да болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде