{metadescription}
«Тазалық эксперт» басшысы қатаң сөгіс алды – Қарағанды
«Тазалық эксперт» басшысы қатаң сөгіс алды – Қарағанды

«Тазалық эксперт» басшысы қатаң сөгіс алды – Қарағанды

Қарағандыда көшені қар мен мұздан тазалайтын «Тазалық эксперт» серіктестігінің басшысы қатаң сөгіс алды. Себебі: коммуналдық мекеме алғаш қар жауғанда қаладағы жолға дер кезінде құм-тас сеппеген. 

Соның салдарынан кешегі көктайғақта 50-ден астам көлік апаты болды. Түстен кейін жолға шашылған тұз қосылған құм жүргізушілерді одан бетер састырды. Себебі: арасында қиыршық тас көп болған. Содан көліктердің иесіне біраз шығын келіпті. Шенеуніктердің айтуынша, қиыршық тас көліктердің терезесін шақты деп үш жүргізушіден ресми шағым түскен. Әлеуметтік желіде де ел дүрліккен соң, мекемедегі материал тексерілген. Нәтижесінде жолға себілетін тұз аралас құмның ішінде кесек тастар болғаны расталды. Сондықтан өз жұмысына салғырт қараған басшыға сөгіс беріліп, мекемеге айыппұл салынды. 

Мадияр Жағалбайлы, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары:

- Балласты електен өткізуде адами фоктор болуы мүмкін. Тексерген кезде себуге дайындалған материалдың арасынан қиыршық тастар шықты. Сол себепті біздің тарапымыздан мұндай жағдайға жол бермеу жайлы ұйғарым шығарылды. Қайталанса, айыппұл салу жазасын қолданып, келісімшартты бұзамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде