{metadescription}
Күзгі Kaspi Жұма қалай өтті?
Күзгі Kaspi Жұма қалай өтті?

Күзгі Kaspi Жұма қалай өтті?

Тұтынушыларға – тиімді зат сатып алу мерекесі. Шағын және орта бизнеске – саудасын өсіру. Күзгі Kaspi Жұма қалай өтті?

Әр Kaspi Жұма алдыңғысынан асып түседі. Бұл жолғы Kaspi Жұмада тағы да рекорд болды. Үш күн ішінде қазақстандықтар 2 миллионнан астам түрлі тауар сатып алған.

Әлия Әлғожаева, Sulpak дүкенінің қызметкері:

- Kaspi Жұма, негізі біз үшін – мейрам. Бәріміз көптен күткен мейрам болып саналады. Сондықтан көңіл күйіміз жақсы. Жұмысшылардың да, қызметкерлердің де көңілкүйі жақсы. Үш күн аралығында бәріміз жұмыста боламыз. Қонақ қарсы алуға дайынбыз. 

Дина Балтабай, "Амадео Орталық Азия" қызметкері:

- Жыл сайынғы дәстүр бойынша Kaspi Жұмаға қатысып жатырмыз.  Клиент өте көп, толассыз келіп жатыр. Сауда көлемі өсті. Kaspi Жұма бұл жағынан шынайы халық мерекесіне айналды. Сол үшін Kaspiге көп рахмет!

Бұрын көптеген кәсіпкерлер тек өз қаласында сауда жасай алатын. Енді сатушылар буып-түйілген тауарын жақын жердегі тарату нүктесіне апарады. Ал Kaspi оларды бүкіл ел аумағындағы сатып алушыларға жеткізіп береді.

Жомарт Бақыткелді, Zammler қызметкері:

- Kaspi Жұмада біз үш есе көп тапсырыс аламыз. Және де бәріне үлгереміз. Бізге тапсырыс Астана, Шымкент, Ақтау қалаларынан түседі.

Kaspi.kz-тегі интернет-дүкен 2,5 миллион тауар ұсынады. Мұнда әр тұтынушы өзіне қажет затын табады: жиһаз бен автокөлік дөңгелектерінен бастап, косметика мен зергерлік бұйымдарға дейін бар.

Берікбол Ахметов, сатып алушы:

- Біз жаңа үй алғанбыз. Сол жаңа үйге жаңа заттар, жаңа тауар алып жатырмыз. Үйіміз жаңа болған соң, бәрі жаңадан болғаны дұрыс қой. Сол себепті кеше Kaspi Жұма кезінде ас үйге қажетті тұрмыстық тауарларымызды, тұмшапеш, теледидар алдық. Екінші күні шкаф және де теледидардың астына астына қоятын нәрселерді алдық.

Саурбек Рузуддинов, сатып алушы:

- Kaspi Жұма арқылы мұздатқыш алмақшы ойымыз бар. Сонымен бірге дүкен аралап жүріп, әйеліме блендер, немістің шығарған тауарын алып беруге дайын тұрмын. Рахмет!

Әдеттегідей, Kaspi Жұма арқылы сатып алған зат тегін жеткізіледі. 

Айдын Жұманиязов, сатып алушы:

- Kaspi Жұма арқылы көптеген тұрмыстық техника сатып алдық. Қазір пәтерде жөндеу жүріп жатыр. Kaspi Жұма сәтті болды, ас үйге қажет заттың бәрі сатып алынды. Содан бері тауарлар біртебірте келе бастады. Жігіттер жаңа пеш әкелді, бұған дейін тоңазытқыш қабылдап алдық, енді кір жуғыш машинаны күтеміз.  Бір уақытта көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Керемет! Барлығын бірден аласыз және оны азаздан төлейсіз.

Курьерді күтпей-ақ, сатып алған затты қолайлы уақытта алу үшін жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа жеткізуге тапсырыс беретін сатып алушылар көбейді.

Ернар Хайыржанов, сатып алушы:

- Kaspi Жұмадан осындай тауар сатып алып едім. «Мышка» өте жақсы екен. Өте ыңғайлы. Кез келген уақытта келесің. Кез келген бос уақытыңда тауарыңды алып кетесің. Сонысы жақсы негізінде.

Міне, Kaspi.kz заманауи цифр технологиясы Қазақстандағы өмірді жақсартып, бизнестің табысты болуына ықпал етеді. Тұтынушылар риза, бизнес дамып, экономика өсуде. Енді алдағы жазда дәстүрмен өтетін Kaspi.kz-тен келесі Kaspi Жұманы күтеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде