{metadescription}
Тондар жәрмеңкесі: 70 пайыз жеңілдік, 70 мыңдық сертификат
Тондар жәрмеңкесі: 70 пайыз жеңілдік, 70 мыңдық сертификат

Тондар жәрмеңкесі: 70 пайыз жеңілдік, 70 мыңдық сертификат

«Мир меха» дүкені Алматыда қайта ашылды. Тондар жәрмеңкесі келушілерге сенбі, жексенбі, дүйсенбіде қайталанбас акция ұсынғалы жатыр. Науқан күндізгі сағат 2-ден кешкі 8-ге дейін. Қысты судай жаңа ішікпен қарсы алғыңыз келсе, Балуан Шолақ спорт сарайына асығыңыз. Тондардың бағасы бұрынғыдан да ыңғайлы.

Алматыда күн суып, қыс жақындағалы тұрғындар тондар көрмесіне ағылып жатыр. Бұл жерде әйелдер мен ерлерге арналған қысқы ішіктердің үш мыңнан астам түрі бар. Сапасы, түсі  бірінен-бірі өтеді. Қыз-келіншектер бәріне мұқият. Мәселен, Зәуре Ғабдуллина осы дүкеннен іздегенін тез тапты.

Зәуре Ғабдуллина, Алматы тұрғыны:

- Бүгін «Мир меха» дүкеніне келдім. Осы тонды таңдадым. Сапасы –  керемет! Тонды 50 пайыз жеңілдікпен алып жатырмын. Осы дүкенде таңдауға тон өте көп.

«Мир меха» дүкенінде бұлғын, қаракүзен, сусар, түлкі сынды бағалы аң терілерімен қоса, қойдың жүнін ерекше әдіспен илеген астраган ішіктері де бар. Ерлерге арналған тондар мен бас киімдер де осында. Сатушылар жеңілдік түніне келгендерге түрлі тосынсый дайындап отыр.

Айгүл Ысмайылова, сатушы:

- 12, 13, 14 қараша күндері жеңілдіктер түні болады. Сағат 14-20-ға дейін. Тондардың түріне байланысты 70 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ тон сатып алғандарға алпако пальтосы сыйлыққа және 70 мың теңгелік сертификат беріледі.

Өзіңізге ұнаған қыстық киімді қолма-қол немесе несиеге рәсімдеуге болады. Ендеше жылы әрі сәнді тон алғыңыз келсе, Балуан Шолақ спорт сарайына қарай асығыңыз. Кіретін есігі Байтұрсынұлы көшесі жағынан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде