Ұрлап мінген көлігімен қоса аялдамаға соғылып өртеніп кетті – Көкшетау
Көкшетауда автобус аялдамасына соғылған Мерседес көлігі жүргізушісімен бірге өртеніп кетті. Жас жігіт бұл көлікті ұрлап мініп кеткен екен.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
15.11.2022
Оқыс оқиға таңғы сағат алты шамасында болған. Қала жақтан шыққан Мерседес автобус аялдамасына соғылғанда, үстіне бетон қабырға құлап өрт тұтанған. Жүргізуші көліктен шыға алмай, тірідей жанып кеткен. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, мерт болған ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Кейін белгілі болғанындай, 25-30 жас шамасындағы жігіт біреудің көлігін ұрлап айдап кеткен екен. Ұрланған көлік иесі түнгі сағат төртте ауладағы Мерседестің дабылы қосылып, оны сөндіріп барып ұйқыға кеткенін айтқан.
Марал Умекина, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы:
- Оқиға орнына жедел тергеу тобы дереу келіп, өртті сөндіре бастағанда көлік салонынан ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды. Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!